400-ден астам ақтөбелік жаңа баспанаға кіреді

400-ден астам ақтөбелік жаңа баспанаға кіреді

Үйі суға кеткен ақтөбеліктер осы айдың соңына дейін жаңа баспанаға кіреді. Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев құрылысы аяқталуға жақын 400-ден аса нысанды аралап қайтты. Өңірде жалпы саны 1020 тұрғын үй мен саяжай апатты деп танылған. Қазір жаңа баспаналарды әрлеу мен инженерлік инфрақұрылым тарту ғана қалды. Жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша кей ауылдарда фельдшерлік-акушерлік пункт пен балабақша салу да қолға алынған. Айта кетейік құрылысқа қолданылатын барлық материал Ақтөбе облысында шығарылады. Сондықтан тапшылық жоқ дейді жауаптылар.

Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

– Үйлердің 95%-ы тамыз айының соңына дейін тапсырылады. 15 қыркүйекке дейін біз су тасқынынан зардап шеккендердің барлығын баспанамен қамту міндетін қойдық. Қалған 5%-ы Ырғыз ауданы, оның ішінде Нұра ауылына қатысты. Онда құрылыс жұмыстары су деңгейінің жоғары болуына байланысты бір айдан кейін басталды еді. Мен құрылыс бригадаларының санын көбейту туралы тапсырма бердім.