Абай жасаған Қазақтардың алғашқы құқықтық құжаты
2019 жылдың көктемінде Семей зерттеушілері Қазан университетінің кітапханасынан өте құнды құжат тапты. Ол – араб графикасымен жазылған Абайдың Қарапайым қазақтарға арналған Кодексі. Қарапайым Қазақтарға арналған кодекс – араб графикасымен, қазақ тілінде жарық көрген алғашқы құқықтық құжат. Қазақстан үшін оның тарихи және ғылыми маңызы зор. Кейін бұл құжаттың тұпнұсқасы жоғалып кетіп, тек 133 жыл өткен соң ғана табылған.
Бұрын соңды Қазақстанның ешбір мұрағатында, ешбір кітапханасында мұндай құжат сақталмаған. Не себепті бұлай болды? Беттері сарғайған бірегей кодексте нендей құпия бар? Ұлы Далада өмір сүрудің қағидаттары қандай еді?
Осы және өзге де сұрақтардың жауабын Enigma Of The Great Steppe бағдарламасынан көре аласыздар.