Абзал Өтешов: Әкем әнші екенімді білмейді

Абзал Өтешов: Әкем әнші екенімді білмейді

«Төрлетіңіз» бағдарламасының бұл шығарылымы түрлі мамандық иелеріне арналады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. «Ел іші-өнер кеніші» демекші, бұл кеште тұлай бойы талантқа толы мамандар бас қосады. Дәрігер, мұғалім, полиция қызметкері, зейнеттегі полковник, кенші мен құрылыс саласындағы жұмысшылар өз өнерлерімен тәнті етпек.