Атыраудағы Индер көлінің қандай емдік қасиеті бар?
Индер көлі Атырау қаласынан 200 шақырымнан алыстау жерде орналасқан. Алдымен тасжолмен 2 сағат, содан кейін қара жолмен шамамен 1 сағат жүру керек. Көл суының емдік қасиеті мол. Жергілікті тұрғындардың Индерді Тұздыкөл деп атауының сыры осында. Айта кетейік, бұл көлдің құрамында индерит бор тұзы бар. Бұл адамның барлық дене мүшесіне пайдалы.