Адал кәсібің - адал ризығың

Бір түйір нанның өзі маңдай терді төгіп, еңбек етумен келеді. Бейнетсіз зейнет жоқ. Сондықтан, мұсылман адам жұмысының беделі жоғары не төмендігіне, жеңіл не ауырлығына, табысының аз не көбіне емес, бірінші кезекте адалдығына мән беруі керек. Сонда таза, адал еңбек Алла Тағала алдында мәртебелі болмақ. Жалпы, шариғат бойынша, адал кәсіп жасаудың өзі құлшылық болып есептеледі.