АЭС салу бойынша референдум: халық пікірі

АЭС салу бойынша референдум: халық пікірі

АЭС салу бойынша референдум өткізу туралы алғаш Мемлекет басшысы былтырғы жолдауында айтқан еді. Содан бері 1 жыл өтті. Осы уақыт аралығында елдің барлық аймағында қоғамдық талқылау ұйымдастырылды. Сала мамандары мен сарапшылар зерттеулер мен деректерді негізге ала отырып, өз ойларын ортаға салды. Яғни, еліміздің ақпараттық кеңістігіндегі мәліметтерді екшеп, сүзгіден өткізіп, шешім қабылдауға жеткілікті уақыт берілді.