Африка мәдениеті. Африкалықтар қонақтарды қалай қарсы алады?

Осыдан бір жыл бұрын Алматыда Африка мәдениет орталығы құрылды. Орталықтың мақсаты – Африканың әр түкпірінен Қазақ еліне келіп білім алып жұмыс істеп жүрген азаматтардың барлығының басын біріктіру. Сонымен қатар, Африка мәдениетінің әр алуандылығын көрсету. Қолы қалт етсе орталық өкілдері бас қосып, Африка асханасының тамағын әзірлеп, өзара пікір алмасып сырласады. Қазақ елінің дәстүрі туралы ақпараттарды бөлісіп, уақытты қызықты өткізуге тырысады.