Ахуалдық орталық мәселені қалай шешеді?

Ахуалдық орталық мәселені қалай шешеді?

«Таза қала» еліміздің батысына жетті. Жобаның түсірілім тобы 155 жылдық тарихы бар Ақтөбенің тазалығын тексерді.

Ауласын әлі күнге күтіп-баптайтын құрылыс мекемесі, жұмысы жолға қойылған қоқыс полигоны, қызметкерлеріне бау-бақша салған бизнес өкілі Ақтөбедегі шығарылымда көрініс табады. Түсірілім тобы қаланы шарлап жүріп, ойқы-шойқы жолға да жолықты. Туғалы ауласында ойын алаңын көрмеген балалардың креативіне де куә болды.

Ақтөбе тазалығына арналған шығарылымды сіз де көріп, бағаңызды беріңіз.