Айғаным қонысы – Шоқан Уәлихановтың балалық шағы өткен жер
Қазақтың ұлы ғалымы, саяхатшы Шоқан Уәлихановтың еңбек жолы қалай басталды? Ол қай жерде өмір сүрді? Әйгілі этнографтың болашағына әжесі қалай ықпал етті? Сол кезден сыр шертетін қандай жәдігерлер бар? Біз Welcome to Kazakhstan жобасының кезекті шығарылымында «Сырымбет мекеніне» немесе халық арасында Айғаным қонысы деген атпен танымал тарихи орынға барып, осы сұрақтарға жауап іздейміз.
Қазақстандық балалар мектеп жасынан ұлы ғалым, саяхатшы, зерттеуші және ағартушы Шоқан Уәлихановты жақсы біледі. Бірақ, көбі оның балалық шағы қайда және қалай өткенінен хабарсыз. Бүгін осыған жіті тоқталайық. Әйгілі этнографтың өмірі Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан Айыртау ауданымен тығыз байланысты. Дәлірек айтсақ, атақты – Сырымбет қонысымен.