Ақысыз скринингтен кімдер өте алады?
Кейінгі бес
жылдың ішінде Қазақстанда онкологиялық аурулардан болатын өлім 20%-ға төмендеп,
ерте диагностика деңгейі 33%-дан асты. Дей тұрғанмен мамандардың айтуынша,
қазақстандықтардың басым бөлігі әлі күнге дәрігерге тек ауру асқынған кезде
ғана жүгінеді. Бүгін.Live-та арнайы маман ақысыз скрининг, аурудың алдын алу
жайлы кеңестермен бөлісті.
Қазір адамдар
дайындалған жып-жылтыр жарнамаларды емес, нақты адамдардың өз тәжірибесін
көрсеткен шынайы видеолар, пікірлер және шолуларға көбірек сенім артады. Осы
бағытта үлкен сұранысқа ие болып отырған - UGC креаторлар. Бүгін студияда UGC
креатор қонақта! Маман түйген-білгенімен бөлісіп, қызмет түрі жайлы ақпарат
берді. Жіберіп алмаңыз!

