Алданған үлескерлер: «Дала СК» компаниясының қылмысы қалай анықталды?

Алданған үлескерлер: «Дала СК» компаниясының қылмысы қалай анықталды?

Елде алаяқтық жолмен ақша табатын құрылыс компаниялары көп. Саладағы салғырттықты сейілтетін заң жобалары қабылданса да, қарашаның қалтасын қағатын құрылыс компаниялары азаяр емес. Ал, баспаналы боламын деп, осы ұйымдарға алданған азаматтар саны 4 мыңға жуықтайды. Мұндай мәселе туындаса қайда барып арызданған жөн?

Семейдегі құрылыс бірнеше айдан бері тоқтап тұр. Негізгі жоспар бойынша мұнда алты бірдей тоғыз қабатты тұрғын үй бой көтеруі тиіс-тін. Алайда баспананың қақырайып қаңқасы ғана тұр. Өйткені құрылыс заңсыз деп танылып, енді сот оны бұзуға шешім шығарған. «Дала СК» тұрғын үй кешеніне 60-тан астам үлескер алдандық деп байбалам салуда. Бәрінің жинап берген қаражаты 900 миллион теңгенің басын құраған.