Әлемде коронавируспен ауыратындардың саны тағы өсті – ДДСҰ
Әлемде соңғы апталарда COVID-19 жұқтырғандар санының өсімі байқалады. Бұл туралы ДДСҰ-ның бас директоры мәлімдеді. Тедрос Адханом Гебрейесустың айтуынша, ерекше өсім Азияда байқалады. «Бұл ең алдымен, коронавирусқа қарсы шектеу шаралары жойылған аймақтарда орын алып отыр. Мұндай көрсеткіш күтілген болатын», – дейді ДДСҰ басшысы. Бұған дейін ол әлемдік пандемияның әлі аяқталмағанын және вирус дами беретінін ескерткен болатын.