Әлемдегі ең жойқын зілзалалар

Әлемдегі ең жойқын зілзалалар

АҚШ-тың геологиялық қызметінің мәліметінше, әлемде жыл сайын қуаты 7 балдық 20 шақты жер сілкінісі тіркеледі. Ал, Қытайдағы ең жойқын апат 1556 жылы Шэньси провинциясында болған. 9 балдық зілзаладан 830 мың адам қаза тапты. 1948 жылы Ашхабадта болған 7 балдық дүмпу де тарихтағы ең алапат жер сілкінісінің бірі. Құрбандарының саны 100 мың адамнан асады. Осы табиғи апаттан 22 жылдан кейін Перуде 8 балдық дүмпу болып, 70 мың адам ажал құшты. Ал, 2000 жылдары тіркелген ең жер сілкінісі ретінде Үнді мұхиты маңындағы 9 балдық апатты айтуға болады. Оның кесірінен Индонезиядағы Суматра жағажайында тұрып жатқан 300 мың адам қайтыс болды. Осыдан екі жыл бұрын Түркияда да соңғы жылдардағы ең ірі жер сілкінісі тіркелді.  Зілзала елу мыңнан астам адамның өмірін қиып, 160 мың ғимаратты жермен жексен қылды.