Әлихан Дүйсенбай: 5 сағат жыр жырладым
Бүгінгі «Дәмді Life» студиясының қонағы - талантты дәстүрлі әнші, жыршы Әлихан Дүйсенбай.
Бұл шығарылымда дәстүрлі әнші тек тамақ әзірлеп қана қоймай, қазақ жастарын жыр-термеге әуестенуге шақырады. «Жыр дегеніміз - білім», - дейді ол. Сонымен қатар, ұлттық өнердің маңызы мен рухани тәрбиесі жайында ой бөліседі.

