Әлішер Кәрімовтың жеке шығармашылық концерті

Әлішер Кәрімовтың жеке шығармашылық концерті

Әлішер Кәрімов - қазақстандық эстрада әншісі, музыкант. Қазақстанды «Славян базары», «Новая волна», «Ереван шақырады» сияқты халықаралық вокалдық конкурстарда танытты. «Super Star KZ» жобасының екінші бөлімдік бағдарламасының финалисті.

Ел ықыласына бөленген талантты әншінің өнерде жүргеніне биыл 20 жыл толды. Осыған орай ол жеке шығармашылық кешін өткізіп, көрермендерімізді қуантпақ. Қоңыр үнді дауыс иесінің концертін сіз бен біз болып бірге тамашалайық!