Алматы. Тарихы және бүгіні
Ресми мәлімет көздері бойынша, бұл шаһардың тарихы XIX ғасырдың ортасынан басталады. Бірақ археологиялық олжалар мен зерттеулерге сүйенсек, бұл жердегі алғашқы елдімекен осыдан 1000 жылдан астам уақыт бұрын пайда болған.
Ал қазіргі қаланың көшелері мен ғимараттарын сәулет өнерінің жауһары деуге болады, олардың бүккен сырлары, қызықты деректері көп. Қазақстанның ең ірі қаласы Алматыдан бастағалы тұрмын.
Бұл шығарылымда сіздерге осыдан шамамен жүз жылдай бұрын ашылған,Қазақстанның алғашқы опера және балет театры туралы біле аласыздар.. Одан кейін Алматының тарихи бөлігін аралап, ежелгі қолөнер кәсібі туралы мағлұмат аламыз және қалалық парктерге саяхат жасаймыз.