Алтын жіппен кестелеу өнері қазақ жеріне қалай келді?
Онымен атағы шыққан әйгілі кестешілер ғана айналысқан. Алтын кестелі тон шапан, айыр қалпақ, кемер белбеу, сал шалбар, сәукеле әдемілік әшекейінің ең асылы және бағалысы болып есептеледі. Кимешектің жағын, хатипа тақиялардың маңдайын, камзолдар мен шашбауларды, жаға жеңдерді алтынмен кестелеу салты бұл күнде де ұнасымды өнер деп танылып жүр.