Алтынай Асылмұратова – сахнаны өзіне бағындырған балерина
Бүгінгі бағдарламамыздың қонағы туралы – қатал ұстаз, тәлімгер, түсі суық ханым деп жатады. Алайда оның басқа да қырларын бүгін ашып көреміз.
Алтынай Асылмұратова. «Астана Опера» балеттік труппасының көркемдік жетекшісі. Ол Алматы қаласында 1961 жылы дүниеге келген. Киров атында Ленинград опера және балет театры, Маринский театрының солисі, Ағылшын корольдік балетінің және Марсель балетінің прима-балеринасы. Ресей халық әртісі, Ресей Федерациясының мемлекеттік жүлдесінің лауреаты.
2013 жылы «Достық» орденінің иегері, 2016 жылы «Парасат» орденінің иегері.