Алтынай Жорабаева: Тарихшы болуды армандадым
Бала күнінде қой бағып өскен қарапайым ауыл қызы… Тарих пәнінің мұғалімі болуды армандаған талапты шәкірт… Бірақ тағдыр оны өнер әлеміне алып келді. Бүгінде ол - халықаралық байқауларда ел намысын қорғап, қазақ әнін биікке көтерген бірегей әнші.
«Жақсы адамдарым» бағдарламасының төрінде - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Алтынай Жорабаева.

