Америкалық беделді басылымда Қ.Тоқаевтың мақаласы жарияланды

Америкалық беделді басылымда Қ.Тоқаевтың мақаласы жарияланды

Қазақстан тоқырау емес - жедел даму жолын таңдайды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық саясат жөніндегі америкалық The National Interest журналына жарияланған мақаласында осылай деді. Президенттің ой-толғамы   «Еуразиядағы тұрақсыздық Қазақстанның алға жылжуына тосқауыл бола алмайды» деген тақырыппен жарық көрді.   Мақала   қазақ елінің алдында тұрған сын-қатер мен ауқымды реформалар туралы баяндайды. Мәселен, Қазақстан «супер президенттік жүйеден нормативті президенттік жүйеге көшті» деп атап өтті.

Сондай-ақ  Президент Қазақстан үшін ең ауыр соққы «Қаңтар оқиғасы» болғанын айта келе оқиғадан алған сабақ пен түйін жайлы бөлісті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан  Еуропа және АҚШ-пен арадағы 30 жылдық берік достық пен ынтымақтастықты күшейтуге мүдделі екенін жеткізді.