Арафа күні ауыз бекітудің сауабы

Арафа күні ауыз бекітудің сауабы

Шығысқа қарап таңын атырған, Батысқа қарап күнін батырып, даланың жайма шуағын сағынған ардақты да, аяулы Қазақ елі, елімізге алғыспен келетін көктемнің бүгінгі "Амал келді - жыл келді", деп баршамызды қауыштыратын Көрісу күні баршаңызға құтты болсын, ағайын!
Бұл күнге жеткен де бар, жетпеген де бар. Сол себепті көктемнің алғашқы лебінде тай-тұяғымыз аманда, төрт көзіміз түгел тұрғанда, қыстың қытымырынан амандықпен шығып, осы күнге аман-есен жеткеніміз үшін айналымыздағы ағайынмен, көрші-көлем, туған-туыс, алыс-жақындармен шұрқыраса амандасып, амандық-саулық сұрасып, қол алысып, айқара төс қағысып, қыс бойы өкпе мен ренішті ұмытып, айлар бойғы араздықты тастап, жүздерге қуаныш пен көңілдеріңізге жұбаныш, игі тілектермен жақсы амалда болайық!