Тандыр нан: шығу тарихы мен әзірлеу ерекшеліктері
Сазбалшықтан жасалған пеште дайындалатын нанды Шығыс халықтары «тандыр» деп атайды. Тандырдың шығу тарихы шамамен осыдан 5-6 мың жылдай бұрын алғашқы пештер пайда болған кезден бастау алады. Бұл пеште наннан да басқа тамақтар дайындайтын болған. Уақыт өте келе мұндай пештің сырт келбеті өзгеріп, заман талабына сай жетілдіріліп, қазіргідей тандыр нан дайындайтын деңгейге жетті.
Тандыр нанды әзірлеу соншалықты қиын емес. Әдеттегідей қамырды ашытып жасайды. Оған май мен сүт қосқанда нан өте жұмсақ әрі дәмді болып тұрады. Өйткені құрамындағы сүт пен майдың арқасында ол бұзылмай, 3-4 күнге дейін сақталады.
Шынымен де тандыр – пеште дайындалатын нан. Кәдімгі нанға қарағанда ұзақ уақыт сақталады. Бірақ жұртшылық тандыр нанды ерекше иісі мен дәміне бола сатып алады.