Artemis II ғарыш кемесі айға жақындап қалды

Artemis II ғарыш кемесі айға жақындап қалды

Айға бет алған америкалық ғарыш кемесі жерсерікке жақындап қалды. Ракета 1 сәуірде космосқа ұшырылған болатын. Содан бері 206 мың шақырымды жүріп өткен. Енді 5 күнде дәл осынша қашықтықты бағындырып, Айды толық айналған соң жерге оралуы тиіс. NASA-ның хабарлауынша, ARTEMIS II экипажы қатарынан екі миссияны орындайды. Біріншісі – Айға жол ашу болса, екіншісі – ғарыштағы ұзақ жолда адам ағзасының қаншалықты өзгеретінін анықтап, зерттеуге мүмкіндік жасау. Әсіресе, радиациялық, ұзақ уақыттық салмақсыздық және психологиялық жүктеме қалай әсер ететінін қарастыру. ARTEMIS II әкелген деректер 2027 жылға жоспарланған «Артемида-3» миссиясында қолданылмақ. Сол кезде адамзат Айға ұзақ уақытқа қонбақ. Одан кейін айға туристер жіберледі. NASA ең алғаш Айға 1969 жылы астронавт Нил Армстронгты жіберген. Ол кезде Нил Армстронг тұңғыш Айға аяғы тиген адам атанып, қауіпсіз түрде жерге қайту миссиясын орындаған.


Рейд Уайзман, Экипаж командирі:

- Біз әлдеқайда қарқынды, қатты шайқалатын ұшуды күткенбіз. Тіпті көрсеткіштерді көре алмауымыз немесе тетіктерге қол жеткізе алмауымыз мүмкін деп дайындалдық. Бірақ бәрі өте жұмсақ өтті. Үдеткіштер ажыраған сәтте және негізгі қозғалтқыштар ғана қалған кезде айырмашылық анық сезілді, бірақ жалпы алғанда бірқалыпты діріл мен өте жайлы ұшу болды.