«ARTиШОК» заманауи театрының тынысы

«Pride» ұжымы Антон Болкунов пен Галина Пьяноваға барып, заманауи театр тынысы туралы білмек. Олар шығармашылық үйлесімді жұп әрі бақытты отбасы. Бірге қол ұстасып бірнеше жетістікке жетті. Тамаша қойылымдар қойды, ірі байқауларда жүлделі болды және театр өнерінде жаңа жанрлардың қалыптасуына ықпал етті. Галина Пьянова - ARTиШОК театрының көркемдік жетекшісі, режиссер, актриса, оқытушы, актерлік-режиссерлік курстың режиссерлік бағытының жетекшісі. Антон Болкунов – Қазақстандық суретші, сценограф, қоюшы суретші. ARTиШОК театрының бас суретшісі, жарықтандыру курсының оқытушысы.