Асанәлі Әшімов: Актер болу – өмір бойы халық алдында мемлекеттік емтихан тапсырумен тең

Асанәлі Әшімов. Бүгінгі заманның бірегей тұлғасы, қазақ театры мен киносының ең танымал тарланы. Бұл өнер иесін көрсе болды, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін танитындай аңыз адамға айналған дара тұлға.  «Қыз Жібек» фильміндегі Бекежанның рөлін сомдап, көрерменнің көңілінен шыққан шебер актер бүгін біздің бағдарламамызда эксклюзивті сұхбат бермек.

Талай кинолардың жарық көруіне режиссер ретінде атсалысып, талай киноларда басты рөлді сомдаған.

Ендеше, бүгінгі сұхбатымызда Асанәлі Әшімов қазақ киносының бүгіні, сондай-ақ қазақ киносының дамуы жайлы әңгіме өрбітпек.