Асқабақтан жасалатын ұйғыр қолөнері
Қауақ! Бәріміз білетін асқабақтың бір түрі. Негізінен бұл өсімдіктің 20 түрі анықталған, сонымен қатар ол жеуге жарамды және жарамсыз болып екіге бөлінеді. Ұйғыр халқы үшін маңызды болып келетін қауақ жеуге жарамсыздардың қатарында. Байырғы адамдар олардан тұрмысқа қажетті заттар жасаған. Ғалымдардың пайымдауынша, қауақ – көне өсімдіктердің бірі.
Бағдарлама кейіпкері – Хашимжан Құрбанов. Ол ұйғырлардың арасынан алғашқы болып, қауақтардан қайталанбас туындылар жасап, Қазақстанның Гиннесс рекордтар кітабына енген азамат.