«Аstana Musical» театры жаңа маусымын ашты
«Аstana musical» мемлекеттік театры 5-ші маусымын ашты. Бұл жолы сахна шымылдығы «ЕНТ тапсырмаймын!» атты драмалық қойылымынен түрілді. Көрерменге алғаш рет ұсынылған жаңа туынды белгілі драматург Людмила Разумовскаяның «Қымбатты Елена Сергеевна» атты шығармасына негізделіп жазылған. Театрдың көркемдік жетекшісі Есләм Нұртазин түпнұсқадағы оқиға желісін сақтап, тек жергілікті өнер сүйер қауымға бейімдеу үшін сәл өзгерістер енгізгенін айтады. Бұл – түрлі буын арасындағы күрделі қарым-қатынас. Туынды жастарды ессіз әрекеттерден сақтануға шақырады. Бір жыл бойы өз көрерменімен қауышпаған өнер ұжымы кезекті маусымда бірқатар жаңа премьерамен қуантуға қамданып қойыпты.
Есләм Нұртазин «Аstana Musical» театрының көркемдік жетекшісі, режиссер:
- Осы ақпан айында үш қойылымымызбен ашыламыз. Үш жаңа қойылым, премьералар болады. Бұл спектаклден басқа «Ковидқа» байланысты осы болып жатқан қиын кезең жайындағы драма қойылады. Және Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романының желісі бойынша жасалған қойылымымыз бар.
Автор: Жеңіс Ермұқанов