Астанада «JASTAR FEST» жас көшбасшылар форумы өтті
Жастар арасында кең таралған осындай кері
қылық, жаман әдет, әлеуметтік аурулардан қалай құтылса болады? Бүгін астанада
өткен жастар форумында да оның амал-әдісі айтылды. Елге танымал тұлғалар,
алдыңғы буын ағалар жастарға ақыл-кеңесін, өмірден көргенін, көңілге түйгенінін
айтты. Айта кетейік, форумға еліміздің
әр өңірінен талапты, талантты жастар жиналған.
Лудомания, нашақорлық және құқық бұзушылық.
Бұл жастарды кері тартып тұрған проблемалар. Бүгінгі жиында дәл осы мәселелерге
ұрынбау һәм құтылу жолдары айтылды. Үнтаяқ ұстағандар қатарында Нұрлан имам,
Ләйлә Сұлтанқызы, танымал блогер Абдулла Расул мен Медет Турин секілді тұлғалар
бар. Одан бөлек мәжіліс және мәслихат депутаттары да келді.

