Astaufest - 2025 гастрономиялық фестивалі басталды
Астанада «Astaufest – 2025» халықаралық шарасы басталды.
Гастрономиялық фестивальге әлемнің 12 елінен аспаздар келген. Оның ішінде
Қытай, Үндістан, Швейцарияның шеберлері де бар. Олар өз елінің дәстүрлі
тағамдарын, ұлттық астарын, құпия рецептпен әзірленген тіске басар тәттілерін
көпшілікке ұсынады.

