Астық элеваторларында орын жоқ

Астық элеваторларында орын жоқ

Солтүстіктегі диқандар орып алған егіндерін кептіре алмай отыр. Себебі оны қабылдайтын элеваторларда орын жоқ. Шаруалар сары алтынды дер кезінде кептірмесе, көгеріп бүлініп кетуі мүмкін деп дабыл қағуда. Биыл Солтүстік Қазақстан облысында егін бітік шықты. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан өңір диқандары 6 миллион тоннадан астам бидай жинады. Мәселе қашан реттеледі?

¤

Солтүстік қазақстандық диқандар үшін күзгі науқан оңайға соқпады. Жаз бойы толассыз жауған жауын, ризығын жерден теретін шаруаларды әбігерге салды. Осыған қарамастан өңір шаруалары мол өнім жинады. Ендігі мәселе оны кептіру қажет. Ал, шаруалар болса элеватор таппай дал.