Атаулы әлеуметтік көмекті жасанды интеллект тағайындайды
Енді атаулы әлеуметтік көмекті әкім емес, ақылды жүйе
тағайындайды. Жасанды интеллект көмекке мұқтаж отбасын өзі анықтай алады. Әр
әулеттің әлеуметтік жағдайын, дүние-мүлкін, табысы мен шығынын, отбасы мүшелері
еңбекке жарамды ма, жоқ па, ақпараттық базалар арқылы әп-сәтте саралайды.
Жасанды инттеллект атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдардың тізімін жасап,
әкімдікке ұсынады. Жай құжат түрінде емес, фото-видео дәлелдермен өткізеді.

