Әуе рейстері бойынша ақпарат алатын жедел желі ашылды

Елімізде әуе рейстері бойынша ақпарат алатын жедел желі ашылды. Желіде рейстердің мәртебесі, олардың шегерілуі және билеттерді қайтару мәселелері жөнінде жолаушыларға кеңес беріледі. Ол үшін 8 7172 79 82 13 және 8 7172 79 82 14 нөмірлеріне хабарласу керек. Call-орталық тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді. Желі «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ базасында ұйымдастырылды.