«Auyl fest. Қой шаруашылығы – 2025» тұңғыш халықаралық форумы өтті

«Auyl fest. Қой шаруашылығы – 2025» тұңғыш халықаралық форумы өтті

Батыс Қазақстан облысында 1,2 млн қой басы бар. Оралда өткен «AUYL FEST. Қой шаруашылығы – 2025» атты тұңғыш халықаралық форумда осындай ақпар айтылды. Шараға бірқатар шетелдік инвесторлар да арнайы келген. Мәселен, ирандық компания қазақ қой шаруашылығына инвестиция салып, терісін өндейтін зауыт ашуды жоспарлапты. «Ауыл» партиясының бастамасымен ұйымдастырылған іс-шараға министрлік өкілдері, Мәжілісінің депутаттары, отандық және шетелдік сарапшы ғалымдар, агро саланың тәжірибелі мамандары келген.