Ауыз бекіту дұғасы қай тілде айтылуы керек?
Рамазан - жылына бір рет келетін Жаратқанның ұлы қонағы. Өміріміз болса зырғып өтіп, уақытымыз көзіміздің алдында әп-сәтте өтіп жатыр. Ал өмірімізде осы қонақты қанша рет қонақ қылдық, қалай күтіп алып, қалай шығарып салдық ? Былтырғы және биылғы оразаның айырмашылығын осы бір жетінің көлемінде сезе алдық па ? Бүгінгі шығарылымда ораза мен сәресі, ауызашардың әдептері мен сауап жинау мәселесі, тойға айналған бүгіндегі ауызашар жайында сөз қозғайтын боламыз.