Айгүл Иманбаева: Палау мен етті жақсы дайындаймын

Айгүл Иманбаева: Палау мен етті жақсы дайындаймын

«Дәмді Life» бағдарламасының бүгінгі қонағы – әнші, актриса, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, 19 жыл ұстаздық етіп келе жатқан Айгүл Иманбаева.

25 жыл үзілістен кейін Айгүл Иманбаева асханаға қайта оралып, қазіргі уақытта дұрыс тамақтануға көшкен. Бағдарлама барысында ол қандай тағамдар әзірлейтінін, сондай-ақ шығармашылығындағы жаңалықтарын ортаға салады.