Азаматтардың айлығы өседі
Енді азаматтардың айлығы өседі. Үкімет халықтың жалақысын көтеріп, қаржылық жүктемесін азайтуды көздеп отыр. Бүгінде еңбекақының жалпы ішкі өнімдегі үлесі шамамен 31 пайызға жеткен. Бұл - Орталық Азиядағы жоғары көрсеткіш. Бірақ, жауаптылар әлемдік орташа көрсеткіштің 40%нан жоғары деңгейге жеткізуді көздеп отыр. Бұл бағытта кешенді шаралар қолға алынбақ. Атап айтсақ, қаржылық, салықтық ынталандыру шаралары көзделген. Бұл еңбекақыны көтеруге, лайықты жалақы төлейтін жұмыс орындарын көбейтуге мүмкіндік береді.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Жалақының өсу қарқыны
бизнес табысының, оның ішінде өз күшімен әрі мемлекеттік қолдау есебінен
алынған табыс динамикасынан артта қалып отыр. Осыған орай Үкімет халықтың
табысын арттыру үшін кешенді шараларды әзірлеуде. Олар кәсіби дағдылар мен
біліктілікті дамытуға, сондай-ақ азаматтар үшін қаржылық жүктемені азайтуға
бағытталған.

