«Бабалар сөзі – ақылдың көзі». Тамара Асар сөз өнері жайында
«Бабалар сөзі – ақылдың көзі». Халық жадында сақталып, бізге жеткен сөз өнері – бабаларымыздың асыл аманаты. Бүгін біз Тамара Асармен сөз өнері жайында әнгіме қозғаймыз.
Сал серілер. Әдебиет тарихында да, музыка өнер тарихында да, бұл кісідердің аттары алтын әріппен жазылған. «Жігітке жеті өнерде аз» деген сөз бар. Сал серілердің бойында «сегіз қырлы бір сырлы» не бір өнерлер табылған. Сал серілердің екінші атауы батыс жақта қыйқы-сәйкі деп атаған екен. Қайқы жігіттер, сәйкілер қыздар. Осы сал серілердің бойындағы барлық өнерді XXI ғасырда кім жалғастырып келеді? Әрине өзіміздің арамыздан қазақ өнеріне өз үлесін қосып жүрген Алаш ұлы тобы мен этно-джаз стиліндегі Стэпсонс тобы бүгінгі біздің студиямызда қонақта.