Балалар арасында тараған гепатиттің ауыр түрі COVID-19-дың жаңа нұсқасымен байланысты ма?

Балалар арасында тараған гепатиттің ауыр түрі COVID-19-дың жаңа нұсқасымен байланысты ма?

Әлемде 10 жасқа дейінгі балалар арасында этиологиясы белгісіз жедел гепатит жағдайлары тіркелді. Індет кем дегенде 12 елде анықталып, 200-ге жуық бала жұқтырған. Соның салдарынан 1 жеткіншек көз жұмған. Дәрігерлердің айтуынша, ауру өте ауыр және әлі күнге дейін мүлде түсініксіз өтуде. Себебі балаларда осы күнге дейін белгілі гепатит вирусының ешқайсысы табылмаған. Сарапшылар инфекцияның шығу тегі туралы бірнеше болжам жасады. Олардың айтуынша, індеттің асқынуы омикронның жаңа, әсіресе агрессивті нұсқасынан немесе коронавирустың бізге белгісіз мутациясынан туындауы мүмкін. Аурулардың алдын алу және бақылау жөніндегі Еуропалық орталық Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп зерттеу жүргізуде.

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ Бас директоры:

– Әдетте өткір гепатит тудыратын вирустар анықталған жоқ. Аденовирус кемінде 74 жағдайда белгілі болды. Бұл инфекция коронавирустан туындауы мүмкін деген күдік бар. Қазір барлық жағдай зерттеліп жатыр.