Балалар арасындағы семіздік: қандай қауіп бар?

Балалар арасындағы семіздік: қандай қауіп бар?

Қазіргі заманда адамға бар жағдай жасалған. Тез дайындалатын тағамдар, онлайн жеткізу қызметі, жайлы орындықтар - мұның бәрі күнделікті өмірімізді жеңілдеткенімен, денсаулығымызға қалай әсер етіп жатқанын жиі ескере бермейміз.

Бүгінде әлемде әр үшінші адам семіздікке шалдыққан. Дәлірек айтқанда, 1 миллиардтан астам адам артық салмақпен өмір сүріп жүр, оның ішінде 160 миллионы - бала. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жыл сайын шамамен 3 миллион адам артық салмақ және семіздіктің салдарынан көз жұмады.

Жалпы, семіздік - бұл жеке таңдау ма, әлде жаһандық мәселе ме? Арнайы репортажда осыны сараптаймыз.