Балалар киімі: тарихы, ерекшелігі және бүгінгі сәні
Қазақ халқы ертеден-ақ, «балалы үй – базар» деп ұрпағын ерекше қадірлеген. Жас нәресте дүниеге келісімен, оның киім-кешегіне ерекше көңіл бөлген. Ертеректе шала туған нәрестені ұлттық костюм элементінің көмегімен қалай аман алып қалған? Ит көйлекті не үшін ерекше қадірлейді?
Қазіргі уақытта әдемі, сәнді киінуді жұрттың бәрі қалайды. Оның ішінде балалар да бар. Сәбилер мен жасөспірімдерге арнап киім тіккен кезде, оның үлгісін, пішімі мен стилін ғана емес, жас ерекшелігін, ыңғайлы болуын, матасының сапасын, тағы басқа нәрселерді ескеру қажет.
Отандық дизайнерлер балалар киіміне қандай жаңалықтар енгізді? Қазақ халқында балалардың киімімен байланысты қандай салт-дәстүрлер бар? Оған заманауи сән әлемі қалай қарайды? Қазақстандағы балалар киімін шығарушылардың қандай мақсаты бар?