Балық шаруашылығындағы жетістік
Маңғыстауда Орталық Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы іске
қосылды. Енді Каспий теңізінде арнайы тор қоршамаларда албырт балығы өсірілмек.
Ауқымды жоба Құрық портынан 20 шақырым қашықтықта жүзеге асырылып жатыр. Келесі
жылы - 300 тонна балық өндіру жоспары құрылса, 2029 жылға 5 мың тоннаға
жетікізілмек. Бұдан бөлек өңірді ыстық су және жылумен қамтып отырған МАЭК
мекемесіне арнайы автобустар табысталды. Тақырыпты тілшіміз тарқатсын.
Аквашаруашылық жобасы мемлекет басшысының агроөнеркәсіптік кешенін
әртараптандыру жобасы аясында жүзеге асырылған. Каспий теңізге диаметрі 120
метр, тереңдігі 25 метрлік норвегиялық тор қоршамалары орнатылған. Балықтар
соның ішінде табиғи ортада өсіріледі.
Арман Молдашев, Облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы:
- Бұл жоба Каспий теңізінде бізде тор қоршамада албырт тұқымдас балығының
шабағын өсіру, 2026 жылы соның тауарлық өнімін алу. Бұл жоба біздің Қазақстанда
және Орталық Азиядағы алғашқы жобалардың бірі болып, үлгілі жобалардың бірі.
Бүгін 30 мың дана албырт тұқымдас балығының шабақтары жіберілді.
Маңғыстаудағы тағы бір қолға алынған шараның бірі - көлік жүйесін реттеу.
Осы бастама аясында облыс әкімі Маңғыстау атом энергетикалық комбинатына
заманауи 20 автобустың кілін табыстады. Жоспар бойынша автобустар жаңа жылдан
бастап тұрақты маршруттарға шығарылады.
Теңелбай Жұмағалиев, «МАЭК» ЖШС автобус жүргізушісі:
- Алдыңғы мініп жүрген автобустарымыз ескі. Ешқандай ішінде условия болған жоқ. Қазір енді жұмысшыдар комфортабельді жақсы атобусқа мінгелі жатыр. Соған өзімізже қуанып жатырмыз.
Көліктер салқындатқыш және жылыту жүйесімен, бейне бақылау камераларымен
қамтылған. Су жаңа автобустар жергілікті бюджет есебінен сатып алынған.

