«Барыс» хоккей клубының көшбасшысы Даррен Дицпен экслюзивті сұхбат

Бүгін біз бағдарламамызда астаналық «Барыстың» көшбасшыларының бірі – Даррен Дицке 25 сұрақ қоямыз.

Даррен Дицтің кім екенін хоккей жанкүйерлері жақсы біледі. Өткен маусымда ол Құрлықтық хоккей лигасының үздік қорғаушысы атанды. Ал биыл «Барыстың» жігіттерін айдынға бастап шығып жүр. Диц – Қазақстан азаматы. Ұлттық құраманың ойыншысы.

Сондай-ақ бағдарламамызда Қазақстан астанасында ашылған жаңа Теннис орталығына барамыз. Жаңа нысанның ашылу салтанатына Новак Джокович пен Рафаэль Надаль арнайы қатысқан болатын. Қабырғаға Қазақстан теннис федерациясының белгісі ілінген. 8 теннис корты бар.