Батыс Қазақстан облысында визит орталығы салынып жатыр

Батыс Қазақстан облысында визит орталығы салынып жатыр

Ол Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданындағы «Хан Ордасы» мұражай-қорығының жанынан салына бастады. Туристік ақпараттық-білім беру орталығы музей кешенінің бір бөлігі болмақ. Алдын ала болжам бойынша, мұнда жыл сайын шет елдерден 30 мыңға дейін саяхатшы келуі мүмкін. Визит орталықта ақпараттық сенсорлық киоск орнатылады деп жоспарлануда. Заманауи медиа-гидтің көмегімен виртуалды экскурсия жүргізуге, мұражай қорындағы көптеген коллекцияларды, соның ішінде қоймаларда сақталған заттарды тамашалауға болады. Сондай-ақ Хан Ордасы елді-мекенінің әлеуетін дамыту мақсатында демалыс және емдеу орындарын ашу, этникалық ауыл, вело және атпен серуендеу туризмін ұйымдастыру, сонымен қатар минералды су шығаратын цехті іске қосу жоспарлануда.