Бенуа Берт: Қайда жүрсем де, қазақ тілі оқулығын өзіммен алып жүремін
Кезінде ол интернеттен Қазақстанның туын көріп, елге деген қызығушылығы оянған. Сөйтіп өз бетінше қазақ тілін оқып үйрене бастаған. Бірнеше жылдан кейін бұл арманы орындалды. Бенуа ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесі кезінде елордаға көшіп келді. Көрмеде жүріп болашақ жарымен танысқан. Бенуаның Астанада тұрып жатқанына 5 жыл боп қалды. Бірнеше ай жеке сабақ бергеннен кейін ол лицейге ағылшын тілінің мұғалімі болып шақыртылған. Жұмыстан бос уақытында ол қазақ тілін үйренеді, қазақтың тарихы мен мәдениетін зерттеп, шетелдіктерге елорданың көрікті орындарын таныстырады.