Берік Әлібай: Мен – атам қазақ жасаған зергерлік бұйымдарды жеткізуші дәнекермін
Берік Әлібай – зергер әрі реставратор. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері. Халықаралық Карл Фаберже орденінің иегері. Бала жастан зергерлік өнердің қыр-сырына қаныққан ол – қазіргі кезде ата жолын жалғастырып, шәкірт тәрбиелеп отырған ұстаз. Бағдарлама шы5арылымында тілшілеріміз Берік Әлібайдың шаңырағына арнайы барып сұхбаттасады, жеке коллекциясындағы құнды жәдігерлермен танысады. Себебі бұл жерде XVIII-XIX ғасырлардағы әшекей бұйымдардың көбі топтастырылған. Ісмер азаматтың қазақы зергерлік өнер жайлы айтары көп.