«Билікті сынау оңай, қоғамға сын айту қатерлі» – Ерлан Қарин
«УӘДЕ» жобасының осы аптадағы шығарылым қонағы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі – Ерлан Қарин.
Кезекті шығарылымда Президенттің жазушы Төлен Әбдікке жолдаған жеделхатының мәні, Ұлттық құрылтайда берілген тапсырмалар және олардың орындалуы, Кенесары хан ескерткішіне қатысты жағдай сөз болады. Сондай-ақ, «Қазақстан тарихының көптомдығы қашан шығады?» және «Алтын Орда сериалын түсірудің не қажетілігі бар?» - сынды сауалдарға жауап аламыз.

