Бірлігіміз жарасқан бір аспан астында

«Жақсы адамдарым» бағдарламасының жексенбілік хабары мәдениетіміз бен ана тіліміздің дамуына елеулі үлес қосып жүрген өзге ұлт өкілдері жайлы болмақ.

Думанды хабарымызда ән де айтылды, күй де шертілді, би де биленді, жарыс та болды, жақсы әңгіме де өрбіді. «Жүзі басқа болса да, жүрегі бір,
Түрі басқа болса да, тілегі бір» отандастарымыз бас қосқан «Жақсы адамдарым» бағдарламасы көрерменіне тамаша көңіл-күй сыйлайтыны сөзсіз.