Бірыңғай уақыт белдеуінің халыққа әсері жоқ

Бірыңғай уақыт белдеуінің халыққа әсері жоқ

Еліміздегі уақыт белдеуінің өзгеруі ел экономикасына және халықтың тұрмысына кері әсер етпейді. Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев осылай деді. Оның айтуынша, бұл мәселе егжей-тегжей зерделеніп, 40 көрсеткіш бойынша сараптама жасалған. Яғни, денсаулыққа әсері, электр энергиясын тұтуну көлемі, жол апатының көбейгені не азайғаны, қылмыс деңгейі секілді аспектілер ескерілген. Еске салсақ,  бұған дейін уақыт белдеуіне қатысты мәселені мәслихат депуттары да өңірлерде талқылаған. Олар тұрғындардың ұсыныстарын ескере отырып, жұмыс уақытын өзгерту бойынша бастама көтерген. Нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысындағы 7 ауданда жаңа кесте бекітілді. Енді бұл аудандарда жұмыс уақыты таңғы 8-ден кешкі 17:30-ға дейін жалғасады.