Биыл – қазақтың Қадырына 90 жыл
Биыл – қарымды қаламгер Қадыр Мырза Әлінің туғанына тоқсан жыл. Ақынды ұлықтау шаралары туған топырағы Сырым ауданында өтті. Орал қаласындағы орталықта «Дәуір дарабозы - 90» деген атаумен мерейтойлық шаралар бастау алды. Зиялы қауым өкілдері таланттың құрметіне гүл шоғын қойып, рухына тағзым етті. Жас ұрпақ ақын жырларын жатқа оқыды. Атаулы датаға орай арнайы статуэтка дайындалған. Онда орнатылған кюар код арқылы ақын шығармашылығымен танысуға болады. Алғашқы кәдесый қарымды қаламгердің қарындасы Күләш Мырзалиеваға табысталды. Биыл ақын атындағы орталықтың ашылғанына он жыл толып отыр. Мерейтой аясында ауқымды әрі мазмұнды шаралар жоспарланды.

