Бөкей ордасы. Наполеон жоспары
Бұл оқиғаға үш адамның қатысы бар. Біріншісі жарты әлемнің үрейін ұшырды. Оны «тажал» және «корсик құбыжығы» деп атады. Екіншісі орыстың Гамлеті, бойында немістің қаны бар, өзі «империядағы ең ұсқынсыз адам» аталды. Ал үшіншісі аса даңққа бөленген жоқ. Есесіне алдыңғы екеуіне қарағанда бағы бар екен. Жоспары жүзеге асты.